8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.

Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары мен жүректерінің мәрттігі сөнбесін!

Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде жүздеріңізден күлкі кетпесін, денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!

 Жаңа жыл мерекесінде балалар Аяз ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, көңілдерін көтерді.

Сүйемін аспанын да, Күнін де мен.

Шаттығы бал жүзінен түрілмеген.

Қазақпыз – Тәуелсіздік таңы атқан.

Жастарымыз көңілді күлімдеген деп балабақша педагогтары арасында 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіз ел тірегі» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Балабақшада тәуелсіздік мерекесіне орай педагогтар арасында өткен мәнерлеп оқу байқауынан үзінді.

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Балабақшада өткен "Менің Тәуелсіз Қазақстаным!" атты ертеңгіліктер.

1-желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне орай балабақшада  «Елбасы –ел тірегі» атты тақырыптық оқу қызметтері өткізілді. Оқу қызметтерінде балаларға елбасы  туралы балалық шағы, өмір жолы, еңбек жолы, қызметтері туралы толық мағлұмат берілді.

Жетістіктеріміз дипломдар

2020-2021 оқу жылы қазан айында № 39 «Хиуаз» балабақшасында Ақтау қаласының туған күніне орай мерекелік шара өтті. Балалар мерекелік шарада Ақтау қаласы туралы тақпақ айтып, би билеп, ән салды.

Балабақшада ұстаздар күніне орай тақырыптық оқу қызметтері өткізілді. Тәрбиешілер балаларға қазақтың ағартушылары  туралы мағлұмат беріп, білім нәрімен сусындатты.

Консоль отладки Joomla!