Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша өткізілген «Инновациялық даму платформасы» аясындағы қалалық шарада бөбекжай тәрбиешісі педагог-модератор Құдайбергенова Гүлім Сұлтанқызы іс-тәжірбиесімен бөлісті.

Мақсаты: балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру

Бөбекжайымызда  8 –наурыз аналар мерекесіне орай мерекелік ертеңгіліктер өтті.Ертеңгілікте балалар аналарына,әжелеріне , апайларына арнап әсем  ән салып, тақпақ айтып , би биледі.

Қаңтар айының 21.01-23.01.2026 жыл аралығында бөбекжайда ата-аналармен жұмыс жоспары бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастыру бөбекжай тәрбиешілері Альбекова Д.К және Саткулова А.Б дефектолог маманы Адайханова Г.М тапсырылды. Педагогтар көрмені ұйымдастырды ,көрмеге барық топ ата-аналарымен тәрбиеленушілер жасаған жұмыстары қойылды. Көрмені бағалау үшін бөбекжай педаготары арасынан әділқазы алқасы құрылды. Әділқазылар көрмені бағалады.

І-орын №2 топ Пайызхан Аянбибі ата-анасымен жасаған жұмысы

ІІ-орын №1 топ Елеусін Мейірімнің ата-анасымен жасаған жұмысы

№4 топ Бисенгали Айнара ата-анасымен жасаған жұмысы

ІІІ-орын №3 топ Ахмет Алихан ата-анасымен жасаған жұмысы

№12 топ Мұхтар Мансур ата-анасымен жасаған жұмысы

 Бөбекжайымызда желтоқсан айының 22.12-25.12 .2025 жыл аралығында Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік ертеңгіліктер өтті.Мерекелік ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру.Балаларға жақсы көңіл күй сыйлау.Мерекелік ертеңгіліктер кіші және ортаңғы топтарда «Қош келдің,Жаңа жыл!» тақырыбында, ересек топта «Жаңа жыл!» ,мектеп алды даярлық топтарында «Қош келдің,Жылқы жылы!» тақырыбында өтті. Жаңа жыл мерекесінде балалар тақпақ айтып,ән салып ,әсем би билеп көңілді өткізді, балаларға ертеңгілік ұнады. Сондай –ақ мерекеге ертегі кейіпкерлері келіп балалар қызықты ойын ойнап, балалардың сағынып күтетін Аяз ата,Ақшақар келіп сыйлықтар әкеліп балаларды қуантты.

Бөбекжайда қараша айының 28 де аналар мектебінің жоспары бойынша «Әкем,анам және мен» отбасылық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Ата-аналармен бөбекжай арасындағы байланысты нығайту. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Отбасылық сайысқа №11 топ ата-аналары мен тәрбиеленушілері қатысты.Базарбаевтар отбасы, Біржановтар отбасы, Максотовтар отбасы

№ 1 орын Базарбаевтар отбасы , №2 орын Біржановтар отбасы, №3 орын Максотовтар отбасы

Дипломдармен марапатталды.

№39 «Хиуаз» бөбекжайында 21.10-23.10.2025 күндер аралығында 25-қазан Республика күніне орай ортаңғы топтарда «Қазақстан туған елім,ұлы өлкем» атты тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер және «Гүлдене бер, Қазақстаным!» , «Қазақстан –Республикам менің!» тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер өтті.Балаларды өз Отанын сүюге, туған жерін,елін , халқының салт –дәстүрін, мәдениетін ардақтап өтуге тәрбиелеу.

Бөбекжайда 25қазан Республика күніне орай өткен "Жаса, жайна туған жер!" тақырыбында педагогтар арасында мәнерлеп оқу байқауы

21.05.2025ж №39 «Хиуаз» бөбекжайында ЖБҚ МКҚК «Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қалалық іс –тәжірбие жоспары бойынша семинар өтті. Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірбиелерімен бөлісе отырып,біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, жаңашыл әдіс-тәсілдер қолдана отырып  тәрбиеленушілердің шығармашылығын дамыту.№39 «Хиуаз» бөбекжайы спикерлері: Алибекова З.А, Альбекова Д.К, Саткулова А.Б . «Қазақтың ұлттық ою-өрнегі»  кіріктірілген кешенді іс-әрекеті ортаңғы тобында және Мендалиева И.Т, Алиева А.С,Уәлиева А.М, Баданова Г.И «Сиқыршы бізде қонақта»  кіріктірілген кешенді іс-әрекеті ересек тобында , Құдайбергенова Г.С, Курбанбаева К.М, Узбекбаева К.Н және №57 «Ақбота» бөбекжайы спикері  Саулебекова Л.С «Математика әлеміне ертегі кейіпкері Смурфикпен саяхат» кіріктірілген кешенді іс-әрекеті мектепалды даярлық тобында өткізді. №37 «Мәншүк» бөбекжайы спикерлері : Елжасова А, Назарбаева Д, Абылай Г,Пәуен Ә . «Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» кіріктірілген кешенді іс-әрекеті ересек тобында өткізді. №39 «Хиуаз» бөбекжайы психологы Канимбетова С.А «Менің әлеміме қош келдің» тақырыбында педагогтермен тренинг өткізіп келген педагогтерге жағымды көңіл –күй сыйлады.Семинарға келген педагогтер пікір алысып, семинардың жоғары деңгейде өткенін айтып , өз лебіздерін білдірді.

Joomla! Debug консолі