№39 «Хиуаз» бөбекжайына Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары  «Эколидер» белсенділері бөбекжай тәрбиеленушілеріне   экомәдениетті қалыптастыруға ықпал ету мен тәлімгерлік көрсету мақсатында қалдық заттардан шырша бұйымдары мен ата-аналарына сыйлық жасап үйретуге келіп сабақ көрсетті.

Қалалық "Тәуелсіздік тірегім" атты мәнерлеп оқу байқауы №39 "Хиуаз" бөбекжайы тәрбиеші Құдайбергенова Гүлім Сұлтанқызы "Интонациялық шеберлігі" номинациясын иеленді .Бөбекжай ұжымы Құттықтаймыз!!!

Думан толы асқарлы Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды. Нұрға бөлеп өмірді, Жырға бөлеп көңілді, Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді. Жұлдыз туып таң алды, Әнге орап ғаламды, Сазды әуен шаттыққа Бөледі бар адамды. Әуенге еріп сиқырлы, Айтылды ән боп сыр қилы. Күзгі әуен жастардың Жүрегіне нұр құйды.

Бөбекжайда ата-аналармен жұмыс бойынша табиғи материалдардан «Күз келді» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Көрмеге барлық топ қатысты.Көрмеге қатысқан топтардың ішінде №9, №6 ,№12 топтар өте жақсы жұмыстарымен көзге түсті.

IMG 20230901 WA0011

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Қыс мезгілінің  де  өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен  ерекше қыс айын балалар жақсы көреді. Адамдар сырғанақ теуіп, аппақ қардың әдемілігін,  табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Бөбекжайымызда  ата-аналармен жұмыс жоспары бойынша  «Қысқы көрініс» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге  барлық топтың балалары мен ата-аналарының осындай қыстың әдемілігін көрсету  мақсатында табиғи материалдардан және өз  қолдарынан  жасаған заттары  қойылды. Көрмеде ерекше жұмыстарда болды. Олар №7 топ тәрбиеленушісі Амандықұлы Ғибрат, Құралған Зейін, №12 топ Есқожа Адайбек ,№13 топ Азамат Мейірім жұмыстарын атап айтуға болады.

Консоль отладки Joomla!