21.05.2025ж №39 «Хиуаз» бөбекжайында ЖБҚ МКҚК «Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қалалық іс –тәжірбие жоспары бойынша семинар өтті. Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірбиелерімен бөлісе отырып,біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, жаңашыл әдіс-тәсілдер қолдана отырып  тәрбиеленушілердің шығармашылығын дамыту.№39 «Хиуаз» бөбекжайы спикерлері: Алибекова З.А, Альбекова Д.К, Саткулова А.Б . «Қазақтың ұлттық ою-өрнегі»  кіріктірілген кешенді іс-әрекеті ортаңғы тобында және Мендалиева И.Т, Алиева А.С,Уәлиева А.М, Баданова Г.И «Сиқыршы бізде қонақта»  кіріктірілген кешенді іс-әрекеті ересек тобында , Құдайбергенова Г.С, Курбанбаева К.М, Узбекбаева К.Н және №57 «Ақбота» бөбекжайы спикері  Саулебекова Л.С «Математика әлеміне ертегі кейіпкері Смурфикпен саяхат» кіріктірілген кешенді іс-әрекеті мектепалды даярлық тобында өткізді. №37 «Мәншүк» бөбекжайы спикерлері : Елжасова А, Назарбаева Д, Абылай Г,Пәуен Ә . «Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» кіріктірілген кешенді іс-әрекеті ересек тобында өткізді. №39 «Хиуаз» бөбекжайы психологы Канимбетова С.А «Менің әлеміме қош келдің» тақырыбында педагогтермен тренинг өткізіп келген педагогтерге жағымды көңіл –күй сыйлады.Семинарға келген педагогтер пікір алысып, семинардың жоғары деңгейде өткенін айтып , өз лебіздерін білдірді.

WhatsApp Image 2025 06 18 at 20.05.56

WhatsApp Image 2025 06 18 at 20.05.57

WhatsApp Image 2025 06 18 at 20.05.57 1

WhatsApp Image 2025 06 18 at 20.05.57 2

WhatsApp Image 2025 06 18 at 20.05.58

WhatsApp Image 2025 06 18 at 20.05.58 1

 

Консоль отладки Joomla!